Референдум-2026: Тұрғындардың белсенділігі жоғары
Бүгін мемлекетіміз үшін маңызы зор оқиға — Референдум басталды. Учаске ашыла салысымен-ақ өз таңдауын жасауға асыққан тұрғындар легі толассыз келіп жатыр.

Үлкен кісілерден бөлек, жастардың да белсенділігі жоғары. Өз таңдауын жасауға келген Эльвира Тлеуханова елгезек жастардың қатарында.
– «Бүгін әр қазақстандық тұрғынның азаматтық ұстанымын көрсететін сәт туып отыр. Бұл референдумнан ешқайсымыз тыс қалмауымыз керек деп ойлаймын. Еліміздің өзгеруін, дамуын қаласақ, онда бірлігіміз осы тұста көрінуі шарт. Мен де осы учаскеде өз таңдауымды жасадым», – дейді Эльвира Серікбайқызы.
Айта кетейік, учаске мүшелері дауыс берушілерді ізетпен қарсы алып, тиісті көмек-нұсқаулық көрсетіп, ілтипатпен шығарып салуда.
