Аяулы аналар! Құрметті қыз-келіншектер!
Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Халықаралық әйелдер күні – барлық адамзатқа тамаша көңіл-күй, жақсылық пен жаңару үмітін сыйлайтын өміршең мерекелердің бірі.
Әлемнің бар мейірімі, тіршіліктің қайнар көзі, адамгершіліктің бастауы – әйел затының аялы алақанында. Отанға деген сүйіспеншілік, қайырымдылық пен іңкәрлік баршамыздың бойымызға қасиетті ана сүтінің арқасында дарыған.
Сіздер отбасының ұйытқысы бола отырып, өскелең ұрпақты – еліміздің нағыз отансүйгіш ұл-қыздарын тәрбиелейсіздер. Халықтың салты мен дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа қастерлеп жеткізуге дәнекер боласыздар. Бізді, ер азаматтарды, ерлікке, лайықты қадамға әрі шығармашылыққа жетелейтін де – нәзік жандар.
Әйелдер қауымының еңбексүйгіштігі, өз кәсібіне деген құштарлығы түрлі саладағы оңды істерге серпін беруде. Қазіргі күні нәзік жандар мемлекеттік маңызды қызметтерге басшылық жасап, шағын және орта бизнестерге жетекшілік етіп келеді. Олар аудандағы материалдық және рухани құндылықтардың жетіліп, жаңаруы үшін аянбай еңбек етуде. Бір сөзбен айтқанда, әйелдер қауымын қадірлеу мен аялау – қастерлі борыш.
Сіздер тек отбасының ұйытқысы ғана емес, сонымен қатар, табысты іскерлік қызметті де ілгері бастырып келесіздер. Аудан экономикасының өркендеуіне қосып отырған үлестеріңізде қомақты.
Айналаға ізгілік пен мейірім шуағын шашып, біздің баршамызға шаттық сыйлап жүрген Сіздерге айтар алғысымыз шексіз. Осынау шуақты мерекеде баршаңыздың отбасыларыңызға бірлік пен береке, амандық, баянды бақыт тілейміз.
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.
