Ұлытау ауданының құрылыс бөлімінің басшысы тағайындалды
2026 жылғы 2 наурыздан бастап Ұлытау ауданының құрылыс бөлімінің басшысы лауазымына Болатбек Камариденұлы Есназаров тағайындалды.

Болатбек Камариденұлы Есназаров 1974 жылғы 3 желтоқсанда Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылында дүниеге келген.
Білімі:
1998 жылы Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін өндірістік және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша тәмамдаған.
Жалпы еңбек өтілі: 26 жыл 1 ай 15 күн
Мемлекеттік қызмет өтілі: 9 жыл 6 ай 3 күн
Жұмыс тәжірибесі:
• 2000–2001 жж. – Ұлытау музей-қорығында экскурсовод
• 2001–2002 жж. – Ұлытау музей-қорығында ғылыми қызметкер
• 2002–2006 жж. – Ұлытау музей-қорығында жоғары дәрежелі маман
• 2006–2007 жж. – Ұлытау музей-қорығында кіші ғылыми қызметкер
• 2007–2008 жж. – Ұлытау музей-қорығында жетекші ғылыми қызметкер
• 2008–2009 жж. – Ұлытау ауданының «ТҮКШ, ЖК және автокөлік жолдары бөлімі» ММ бас маманының м.а.
• 2009 ж. – Ұлытау ауданының «ТҮКШ, ЖК және автокөлік жолдары бөлімі» ММ бас маманы
• 2009–2012 жж. – Ұлытау ауданы бойынша мемлекеттік экологияны қорғау жөніндегі бақылау инспекторы
• 2012–2020 жж. – «Қос-Батыр» ЖШС құрылыс инженері
• 2020 ж. – Ұлытау аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасында әдіскер
• 2020 ж. – Ұлытау ауданының «ТҮКШ, ЖК және автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» басшысының м.а.
• 2020–2021 жж. – Ұлытау ауданының «ТҮКШ, ЖК және автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» басшысы
• 2021 жылдан бастап – Ұлытау ауданының жер қатынастары, сәулет және құрылысы бөлімінің басшысы

