Жүрсін Ерман Қазақстанның Халық жазушысы атағын иеленді
Ақын, журналист, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері Жүрсін Ерман Қазақстанның Халық жазушысы атағын иеленді.
Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін бұл атақты Төлен Әбдік, Смағұл Елубай, Бексұлтан Нұржекеұлы, Софы Сматаев, Ахметжан Аширов, Любовь Шашкова, Темірхан Медетбек, Валерий Михайлов, Исраил Сапарбай, Марфуға Айтхожина және Ғаббас Қабышов алған болатын.

