Ұлытау облысында қысқы спартакиада өтті

2026 жылдың 13-15 ақпан күндері Ұлытау облыстық қысқы спартакиадасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өтті.

Аталған іс-шара Жезқазған және Сәтбаев қалаларында ұйымдастырылып, қала және аудан командалары өзара бақ сынасты.

Спартакиадаға Жезқазған, Сәтпаев, Қаражал қалалары мен Ұлытау ауданы, Жаңаарқа ауданы аудандарының командалары қатысты.

Жарыс барысында қатысушылар спорттың қысқы түрлері бойынша өзара мықтыларды анықтап, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Облыстық деңгейдегі бұл дода бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және өңірлер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлкен үлес қосты.
Ұлытау облыстық қысқы спартакиадасының қорытындысы спортшыларымыз жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Президенттік көпсайыс нәтижелері:

🔹 18-23 жас аралығы
Қыздарбек Нұрбол – 🥇 І орын

🔹 23-29 жас аралығы
Амзе Аясын – 🥈 ІІ орын

🔹 30-39 жас аралығы
Каримов Сержан – 🥈 ІІ орын

🔹 40 жастан жоғары
Баймағамбетов Аманбек – 🥉 ІІІ орын

Командалық эстафеталық шаңғы жарысы бойынша 3 орын иеленді

Аудан намысын қорғаған спортшыларымыз жоғары дайындықтарын дәлелдеп, ауданымыздың абыройын асқақтатты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да толағай табыстар тілейміз!