“Жаңартылған Конституция – әр азамат үшін”

“Жаңартылған Конституция – әр азамат үшін” тақырыбында Ұлытау ауданы, Қарсақбай кенті тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру бағытындағы буклет тарату акциясы өткізілді.

Аталған акцияның негізгі мақсаты – тұрғындарға Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының мәні мен маңызын түсіндіру, енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат беру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.

Іс-шара барысында тұрғындарға арнайы дайындалған ақпараттық буклеттер таратылып, Конституциядағы негізгі жаңалықтар, азаматтардың құқықтары мен міндеттері жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, құқықтық тақырыпта пікір алмасу ұйымдастырылды. Мұндай акциялар азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдағы заң үстемдігін нығайтуға ықпал етеді.