«Ауыл аманаты»: 60-тан астам шаруа жеңілдетілген несие алады
Биыл Ұлытау облысында 60-тан астам шаруа қожалығы жеңілдетілген несие алып, кәсібін кеңейтуге мүмкіндік алады.

Өңірде «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта өтінім қабылдау жалғасып жатыр. Мамандардың айтуынша, мемлекеттік жобаға қатысушылардың басым бөлігі несиені мал басын көбейтуге бағыттауды жоспарлап отыр. Алайда негізгі басымдық өсімдік шаруашылығы мен өңдеу саласындағы жобаларға беріледі.
Айта кетейік, соңғы үш жылда бағдарлама аясында өңірде 3,5 млрд теңге көлемінде қаржы бөлініп, 600-ден астам жоба қолдау тапқан.
Аманкелді АҚШАЛ.
