Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері 10%-ға өсті

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде мемлекеттік жәрдемақылар, базалық және ынтымақты зейнетақылар мөлшері 10%-ға артты.


Ең төменгі базалық зейнетақы: 35 596 теңге (күнкөріс деңгейінің 70%-ы).
Ең жоғары базалық зейнетақы: 60 005 теңгеге дейін (күнкөріс деңгейінің 118%-ы) көбейді.

Балалы отбасыларға арналған жәрдемақы:
1, 2, 3 бала туғанда: 164 350 теңге (бұрын 149 416 тг).
4 және одан көп бала туғанда: 272 475 теңге (бұрын 247 716 тг).
Көпбалалы отбасыларға (4 баласы бар): 69 330 теңге (бұрын 63 030 тг).

Мүгедектігі бар жандарға төленетін жәрдемақы:
I топ: 111 872 теңге.
II топ: 89 498 теңге.
III топ: 61 021 теңге.