Ұлытау жастарына баспана: Биыл 32 отбасы үй алды
Ұлытау облысында 35 жасқа дейінгі мамандарға арналған «Ulytau Zhastary» бағдарламасы сәтті жүзеге асып жатыр. Биыл жоспарланған 32 жас отбасы жеңілдетілген несиемен баспаналы болды.

Жеңілдіктің шарттары өте тиімді:
✅ Пайыз мөлшерлемесі – 5%;
✅ Бастапқы жарна – 10%;
✅ Несие сомасы – 20 млн теңгеге дейін.
Жылдар бойынша көрсеткіш:
📍 2023 жылы – 39 отбасы;
📍 2024 жылы – 57 отбасы;
📍 2025 жылы – 32 отбасы (625 млн теңге бөлінген).
