Оқушыларға аптасына 2 рет жылқы еті беріледі

Мектеп асханасы мәзіріне жылқы еті қосылды.
Бұл туралы депутаттардың сауалына вице-премьер Серік Жұманғариннің берген жауабында айтылған.

Айтуынша, жаңа мәзірде көкөністер мен жемістердің үлесін арттыру, тұз, қант мөлшері жоғары тағамдарды алып тастау қарастырылған.
Ал қант қосылған сусындар мен шырындардың орнына ауыз су ретінде газдалмаған су, сүт, қант мөлшері аз сусындар беру көзделген.