Құрметті Жезқазған қаласының тұрғындары!
Қала аумағында құрылыс және ірі габаритті қалдықтарды рұқсат етілмеген орындарға тастау фактілері анықталуда. Бұл жағдай қоршаған ортаға зиян келтіріп, қаламыздың келбетіне кері әсерін тигізеді.

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің №508 бұйрығының 18-тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар құрылыс және ірі габаритті қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға шығаруға міндетті.
Бейнебақылау құралдары құқықбұзушыларды анықтаған жағдайда, олар заңнамаға сәйкес міндетті түрде жауапкершілікке тартылады.
Жезқазған қаласының әкімдігі және полиция басқармасы тиісті бақылау жұмыстарын күшейтетінін хабарлайды!
Қаламыздың тазалығы – ортақ міндетіміз! Қоршаған ортаға бей-жай қарамай, қоқысты белгіленген орындарға шығаруды сұраймыз.
Тазалықты сақтайық – Жезқазғанның жарқын келешегі өз қолымызда!
