Сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылардың назарына!
Еліміздің шет мемлекеттермен сауда айналымының өсуі жағдайында, тиімді карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) мен сапалы зертханалық сараптама – ішкі нарықты қорғаудың және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі құралдары болып табылады. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрі еліміздің аумағында фитосанитариялық қауіпсіздікті күшейту және көршілес Өзбекстан, Әзербайжан, Қытай және Ресей елдерімен тең жағдай қалыптастыру мақсатында, карантинге жатқызылған өнімдердің импорты және экспорты кезінде жүзеге асырылатын фитосанитариялық сараптаманы толық ақылы негізге көшіруді тапсырды.

Қазірдің өзінде өсімдіктер карантині саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талапатарына сәйкес, фитосанитариялық сертификат беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсету жеделдетілген режимде, алдын-ала ақылы жүргізілген фитосанитариялық сараптаманың негізінде жүзеге асырылуда.
Анықтама: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 29.06.2015 жылғы №15-08/590 бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидалардың 27-1 тармағына сәйкес, фитосанитариялық сертификатты беру аумақтық инспекцияның кеңсесінде өтініш тіркелген сәттен бастап 5 жұмыс сағат ішінде және 28 тармағының негізінде 3 жұмыс сағат ішінде жүзеге асырылады. Өсімдіктерді қорғау және карантині салалары бойынша туындаған сұрақтар болса, ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясына хабарласуға болады. Ғимараттың орналасқан жері: Ұлытау селосы, Бұлқышев көшесі- 30, тел. 8(71035)2-15-13.
«Ұлытау аудандық
аумақтық
инспекциясы» РММ.
