«Таза Қазақстан» – бұл тек сыртқы тазалық емес, бұл – ішкі мәдениетіміздің айнасы
Айналаны таза ұстау – үлкен реформа емес, күнделікт ұқыптылық. Әр құмыраға егілген гүл, әр көтерілген қоқыс, әр жасалған талшын — елге деген құрметтің белгісі.

Біз табиғатты қорғағанда, шын мәнінде өз өмірімізді қорғаймыз. Таза орта – денсаулық, жайлылық және балаларымызға қалатын ең құнды мұра.
Тазалықты талап етуден бұрын, оны өзімізден бастайық. Сонда ғана Қазақстан шын мәнінде таза, көркем, өмірге қолайлы елге айналады.
Ғазиз МОЛДАМҰХАНОВ,
зейнеткер.
