«Балқаш»: Еліміздегі алғашқы АЭС-қа атау берілді
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясына үздік атау беру бойынша жалпы халықтық байқау аяқталды. Байқау 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін өтті, оған 27 000-нан астам өтінім түскен.

«Конкурс комиссиясының қорытынды отырысының нәтижесі бойынша азаматтардан ең көп ұсынылған «Балқаш» атом электр станциясы» атауы жеңімпаз деп танылды», делінген хабарламада.
