Жұмысшы мамандық – мемлекеттің үнсіз жүрегі

Біз көбіне экраннан көрінетін, мінберден сөйленетін мамандықтарды бағалап үйреніп қалғанбыз. Бірақ елдің нағыз тірегі – таң атпай тұрып жол жөндейтін, құбырды реттейтін, дәнекерлейтін, тас бітейтін, темір ұстап тер төгетін қарапайым еңбек адамдары. Олар сахнада емес, шаңның арасында жүреді. Бірақ дәл солардың еңбегінің арқасында жарық жанып, су ағып, жол тегіс болып, үй жылы тұрады.

Жұмысшы мамандықтың қадірі – көзге көрінбейтін, бірақ өмірдің әр бөлшегін ұстап тұрған тірек. Қарапайым еңбек адамдары болмаса, әлем тоқтап қалар еді. Әрбір зауыттағы дыбыс, әрбір салынған ғимарат, әрбір қозғалған техника – мыңдаған жұмысшының қолының табы.

Жұмысшы – тәртіптің, шыдамның, табандылықтың мектебінен өткен адам. Олар «үздік атану» үшін емес, «жұмыс тоқтап қалмасын» деп еңбек етеді. Жұмысшы мамандық тек кәсіп емес – жауапкершілік пен намыстың симфониясы.

Эльмира ЕРШУМАНОВА,
Ұлытау аудандық мәслихатының депутаты.