Қадірлі мұғалімдер мен білім беру саласының ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалім күнімен құттықтаймыз! Мұғалім күні – жылулықтың, мейірімнің мерекесі, ұлағат пен өнегенің мейрамы. Бұл күнді барлық адам ерекше қуанышпен, айрықша құрметпен атап өтеді. Себебі, барлық адамның ұстазы бар.
Интеллектуалды ұлт қалыптастыруға, білімді де білікті адамдарды тәрбиелеуге аянбай еңбек ете отырып, сіздер мемлекеттің жасампаздығына үлес қостыңыздар. Сіздердің өмір жолдарыңыз бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашанда ерекше. Өйткені, қоғамның басты байлығы – адам болса, сол «адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» дейді дана Абай.
Қазіргі заманда білім деңгейі жоғары ұлт қана жаһандану талаптарына жауап бере алады.
Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де – ұстаз. Сондықтан еліміздің ертеңгі келешегі сіздердің қолдарыңызда. Еліміздің атын әлемге танытатын білімді де, талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін!
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, қиын да қастерлі мұғалімдік қызметте табыс тілейміз.
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.