Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Ұлытау ауданында жұмыс сапарымен болды

Бүгін Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Ұлытау ауданына жұмыс сапарымен барып, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беру салаларының жағдайымен танысты.

Алдымен өңір басшысы «Бекетай баба», «Өмірбеков» шаруа қожалығында болып, егін жинау науқанының барысын қадағалады. Облыс әкімі диқандарға мемлекеттік қолдау шараларын ұтымды пайдалануды және астық жинау жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігін жеткізді.

Сапар барысында аймақ басшысы Алғабас және Қаракеңгір ауылдарында болып, ауыл ақсақалдарымен кездесті. Кездесу кезінде тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, шешілуі тиіс мәселелер назарға алынды.

Сонымен қатар, облыс әкімі қос ауылдағы фельдшерлік-акушерлік бекеттердің жұмысымен танысты. Өңір басшысы алдын ала кадрлық қамтамасыз етуді және медициналық қызметтің үздіксіз көрсетілуін қамтамасыз етуді жүктеді.

Бұдан бөлек, облыс әкімі Дастан Рыспеков ауылдық округтердегі мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді. Аралау қорытындысында облыс әкімі білім сапасын арттыру, қысқы жылыту маусымына дайындық шараларын күшейту және мектеп аумағын абаттандыру бойынша нақты тапсырмалар берді.