Жолдау талқыланды
Қаракеңгір ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Г.Ахметова мәдениет үйі, кітапхана, әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың “Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу” атты Жолдауын талқылады.
Айтып өткендей Жолдауда айтылған басым бағыттар мен берілген тапсырма міндеттерді түсіндіру, тиісті деңгейде орындау керектігі айтылды. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше серпін беретін әр саладағы реформаларды қолдап, әр қазақ азаматы өз үлесін қосатыны анық.
Жиын соңында мекеме қызметкерлері Жолдауды қолдайтындарын және өз үлестерін қосатындарын жеткізді.