Көзмергендер жеңісі көңіл қуантты
2025 жылдың 19-25 шілде аралығында Петропавл қаласында өткен дәстүрлі садақ атудан жасөпірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Ұлытау облысы жалпыкомандалық есепте жаттықтырушы бапкерлер Сағынғали Бекетаев, Ғалымжан Қалманбайдың бастауымен 1 орын иеленді.
Жеңіс қоржынында:
5 алтын
1 күміс
5 қола
Атап айтсақ:
1. Марат Жансұлтан І орын қалқан нысанасы және І орын пута нысанасы бойынша.
2. Самат Бейбарыс І орын пута нысанасы.
3. Құрманғали Райхан І орын пута нысанасы.
4. Нәрік Медина І орын орта Азия нысанасы.
5. Рахымтай Аяулым ІІ орын жамбы нысанасы.
6. Аманжан Салим ІІІ орын пута нысанасы және орын қалқан нысанасы.
7. Нәрік Медина ІІІ орын жамбы нысанасы.
8. Ағзамсофа Айсель ІІІ орын пута нысанасы.
9. Жолдыбаев Ержан ІІІ орын жамбы нысанасы бойынша.
Марат Жансұлтан және Аршабекова Айша жарыс барысында болуы мүмкін 125 ұпайдың максималды түрде жинап, 10-15 тамыз айының аралығында Ақтау қаласында өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.
Жас мергендеріміз Республикалық чемпионатқа арнайы облыстық іріктеуден өткен спортшылар. Садақ ату спортының бапкерлері Сағынғали Бекетаев пен Ғалымжан Қалманбайдың нұсқауымен Жаңаарқа ауданында және Жезқазған қаласында дайындалады.
Жас спортшыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!