ЖӘРМЕҢКЕ: САПАЛЫ ӨНІМ, ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒА

Бүгін облыс орталығы Жезқазған қаласында Ұлытау ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Мұнда ауданға қарасты Сарысу, Мибұлақ, Борсеңгір ауылдарының кәсіпкерлері өз өнімдерін әкелді. Оның ішінде қымыз, сүт өнімдері (май, қаймақ, құрт, ірімшік), қой еті мен сиыр еті нарық бағасынан төмендетілген бағада сатылды.

Айта кетейік, осыған дейін ауданға қарасты Шеңбер, Терісаққан, Аманкелді, Қоскөл, Байқоңыр, Ақтас, Алғабас, Қаракеңгір, Егінді ауылдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылса, тамыз айында Ұлытау, Жезді, Қарсақбай елді мекендерінің жәрмеңкесі жалғасатын болады.


Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.