Қазақстанда Металлург күні — 20 шілде

Бүгінде металлургия саласы — Қазақстан өнеркәсібінің жетекші әрі болашағы зор бағыттарының бірі. Елімізде шілде айының үшінші жексенбісінде металмен жұмыс істейтін мамандар өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Бұл күн — болат балқытушылардың, құюшы мамандардың, домна пеші операторларының, ұсталардың, қалыптаушылардың, прокатшылардың және басқа да көптеген кәсіп иелерінің ортақ мейрамы.

Металлургия саласы осы аталған мамандықтармен қатар, ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істейтін металлургия бағытындағы ғалымдарды, кен өндірушілерді, металлургиялық кәсіпорындардың барлық қызметкерлерін біріктіреді.

Қазақстанда Металлург күні 2003 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ресми түрде бекітілген. Тарихи дәстүр сабақтастығын сақтай отырып, еліміз бұл кәсіби мерекені жыл сайын шілде айының үшінші жексенбісінде атап өтуді жалғастырып келеді.