Құрметті жерлестер!

Ұлы мұрамызды ұлықтайтын –  Ұлттық домбыра күні құтты болсын!

Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы.

Әрбір шаңырақтың төрінде ілулі тұратын домбыра ұлттық өнерді ұлықтайды. Бабаның көзіндей, қазақтың өзіндей болған қастерлі домбыраны қадір тұтуымыз қажет.

Бұл мерекенің қазақ руханияты үшін мән-маңызы зор. Қастерлі аспап дала өркениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Төл мәдениетіміздің құнды қазынасын сақтау – баршамыздың парызымыз. Домбыра төрден түспесін!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.