Еңбек адамы — елдің ертеңін қалыптастыратын тұлға

Еңбек адамы – қоғамның ең басты қозғаушы күші. Оның күнделікті адал еңбегі арқылы мемлекет дамып, халықтың әл-ауқаты артады. Қай саланы алып қарасақ та, сол саланың негізін қалаушы – еңбек ететін қарапайым адам. Мейлі ол егін егетін дихан болсын, шахтада жұмыс істейтін кенші, құрылысшы, мұғалім немесе дәрігер болсын – бәрі де халық игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүр.

Еңбек адамына тән басты қасиеттер – адалдық, төзімділік, шыдамдылық, жауапкершілік және кәсібіне деген сүйіспеншілік. Олар өз жұмысын сүйіп істейді, ешбір қиындықтан қашпайды. Ата-бабамыз “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деп бекер айтпаған. Бұл сөз – еңбек адамының өмірлік қағидасы іспеттес.

Бүгінгі күні еңбек адамның рөлі одан сайын артып келеді. Себебі заман талабына сай өндіріс, ғылым, ауыл шаруашылығы, білім беру, медицина сияқты салаларда нағыз іскер, еңбекқор мамандар қажет. Еңбек адамы – тек бір мамандықтың иесі ғана емес, ол – өз отбасына, еліне пайдасын тигізіп жүрген шынайы патриот.

Мемлекет тарапынан да еңбек адамына деген құрмет артып келеді. Жыл сайын «Еңбек күні», «Жылдың үздік еңбеккері» сияқты марапаттар арқылы қарапайым жұмысшының еңбегі бағалана бастады. Бұл – қоғамда еңбекке деген құрметтің артқанының айғағы.

Ақгүл МҰҚАТ, программист.