Оқушы ұстазға дөрекілік көрсетсе, ата-анасы жауапқа тартыла ма?
Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекованың айтуынша, оқушы ұстазға дөрекілік көрсетсе, ата-ана «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
«Бұл заң ең алдымен мұғалімдердің құқықтарын қорғауға бағытталған. Әр түрлі жағдайлар болуы мүмкін, олар педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесте, ата-аналар жиналысында, сондай-ақ жұртшылық қатысатын кездесулерде жеке-жеке қаралады. Егер оқушының немесе ата-ананың әрекеті әкімшілік құқық бұзушылыққа жатқызылса, заңға сәйкес ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлейді», – дейді ол.