Еңбек адамы – елдің ерен тұлғасы
Еңбек – адам өмірінің мәні, тіршіліктің тұтқасы. Ал сол еңбекті жанына серік еткен қарапайым еңбек адамын – ел дамуының негізі деп толық айтуға болады. Олар – көзге көрінбей, айғайламай, алайда тынымсыз тірлігімен қоғамға өлшеусіз үлес қосып жүрген жандар.
Ауылдағы диханнан бастап, қаладағы құрылысшыға дейін, мектептегі мұғалім мен ауруханадағы дәрігерге дейін – әрқайсысы өз ісінің шебері. Еңбектің қай түрі болса да қадірлі. Себебі елдің тыныштығы мен дамуы – осы еңбек адамдарының маңдай тері мен адал ісінің жемісі.
Қазіргі таңда еліміздің өркендеуі үшін еңбек адамына деген құрметті арттыру аса маңызды. Жастарды еңбексүйгіштікке баулу, қарапайым мамандық иелерін дәріптеу – қоғамның адамгершілік деңгейін көтерудің бір жолы. Еңбегімен елге сыйлы болған азаматтар – өскелең ұрпаққа үлгі.
«Еңбек – елдің бақуатты болашағының кепілі» деген ұстанымды берік ұстанған халық қана табысқа жетеді. Сондықтан, еңбек адамына деген құрмет – әрбір азаматтың парызы деп білемін.
Алмат БЕГАЕВ,
кәсіпкер.