Еңбек адамы — елдің тірегі
Еңбек адамы – ұлттың шынайы байлығының иесі. Оның әрбір атқарған ісі, төккен маңдай тері елдің өсіп-өркендеуіне жол ашады. Еңбек етудің мәнін терең түсінген адам ешқашан қол қусырып отырмайды, өмірдің әрбір сәтін бағалайды, мақсатқа жету үшін табандылық пен төзімділікті ту етеді.
Оның қолымен нан өседі, шаңырақ көтеріледі, жол салынады, ел еңселенеді.
Еңбек адамына қарап біз адалдықтың, қарапайымдылықтың, қажыр мен қайраттың не екенін ұғамыз. Бүгінде ауылда да, қалада да таңның атысы, күннің батысына дейін тынымсыз еңбектенетін азаматтар бар. Олардың әрбір әрекеті – туған жерге деген сүйіспеншіліктің, елге қызмет етудің шынайы көрінісі.
Қоғамда қандай үлкен жетістікке қол жеткізсек те, оның түп-тамырында еңбек адамның маңдай тері жатыр. Сондықтан еңбек адамына тағзым ету – өткенге құрмет, бүгінге жауапкершілік, болашаққа аманат. Әрбір адам еңбектің қадірін түсініп, сол еңбекті бағалауды парыз санауы керек.
Сандуғаш ДЮСЕНБАЕВА,
әдіскер.