Еңбекпен еленген ерлік
Еңбек адамы – үнсіз батыр. Ол көзге көріне бермейді, бірақ әр күні елге, қоғамға қызмет етеді. Оның қолымен тұрғызылған ғимараттар, егіп өсірген өнімдер, жасаған бұйымдар – бәрі өміріміздің ажырамас бөлігі. Мұндай адамдар мақтау күтпейді, істеген ісімен, төккен терімен сый-құрметке лайық болады.
Еңбек адамы – табандылықтың, қарапайымдылықтың және төзімділіктің символы. Қазіргі заманда осындай жандардың еңбегін бағалау, құрметтеу – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз.
Еркеназ БЕГАЕВА,
мұғалім.