Еңбек адамы – ел ырысы
Еңбек адамы – қоғамның дамуына, мәдениет пен экономиканың ілгерілеуіне үлкен үлес қосатын тұлға. Ол өз еңбегімен қоғамға қажетті заттарды, қызметтерді ұсынады, еңбек арқылы өзіне және отбасына қажетті жағдай жасайды. Еңбек адамының ең басты қасиеттері – адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық. Ол өз ісіне берілген, мақсатқа жету үшін тынымсыз жұмыс істейтін адам.
Еңбек адамының маңыздылығы әрбір қоғамда жоғары бағаланады, себебі еңбек пен шығармашылық арқылы дамып, өркендеген елдердің тұрақтылығы мен әл-ауқаты артады. Осы орайда Мемлекет Басшысының еңбек адамына лайықты көңіл бөліп, еңбек адамы идеологиясын арттыруда атқарып отырған жұмыстары оңтайлы деп есептеймін.
Серік ТАШЕНОВ,
Ұлытау ауданының ақсақалдар кеңесінің төрағасы.