Тасқынға тосқауыл жасалуда

Ұлытау ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Қазір аудан əкімі Аманжол МЫРЗАБЕКОВТЫҢ тапсырмасына сəйкес аудан көлемінде қар тазалау жұмыстары қызу жүргізілуде.

Коммуналдық шаруашылық саласы мамандарының айтуынша, бүгінгі уақытта аудан көлемінде 28360 текше метр қар шығарылды. Қар тазалау жұмыстарына аудан бойынша 18 тиегіш пен 10 Камаз жұмылдырылған. Сондай-ақ, ағынды су арналарын аршу, орталық көшелер мен ғимараттардың айналасындағы қарды сыртқа шығару жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Бұл жұмыстар демалыс күндері де тоқтаған емес. Əрбір көше, мекемелерге қарасты алаңдар, жол жиектері мен су өткізу арналары біздің назарымыздан тыс қалмайды, дейді мамандар. Коммуналдық шаруашылық саласының мамандары ауданның əрбір тұрғынын өз аулаларын қардан тазартып, көктемгі су тасқынының алдын алуға жұмылуға шақыруда. Сондай-ақ, шаруа қожалық иелеріне де шаруашылық алаңдарының айналасын қардан тазартып, ауыл шаруашылығы жануарларын қауіпсіз жерге көшіруді ұйымдастыруға, барлық сақтық шаралар мен қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақыруда.

Досан ДУЛЫҒАЛЫ.