Ұлытаулық балуан әлем чемпионы атанды

Үндістанның астанасы Дели қаласында 26-27 ақпан күндері қазақ күресінен ересектер арасында әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға 20-дан астам елден келген 200-ге жуық спортшы қатысты.

Осы спорт додасына Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының тумасы, Халықаралық Көшпенділер ойынының күміс жүлдегері Айдос Ғалымов 90 келі салмақта белдесіп, Әлем чемпионы атанды.