28 қаңтарда Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 28 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Отырыс барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.

Сонымен қатар, Премьер-Министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңірдің әкімдері баяндама жасайды.