Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы тағайындалды
Құрмет Есмұратұлы Саттыбаев
1993 жылы дүниеге келген.
Қарағанды мемлекеттік медицина университетін «Қоғамдық денсаулық сақтау» және Алматы экономика және статистика академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы Қарағанды қаласындағы «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» республикалық мекемесінде зерттеуші болып бастады.
2015-2017 жылдары Қарағанды облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында бөлім меңгерушісі.
2017-2020 жылдары Ақмола облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Департаментінде жауапты қызметтер атқарды.
2020-2022 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде бас сарапшы болды.
Аталған лауазымға тағайындалмас бұрын басқарма басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.