Ұлытау облысының “Өңірлік коммуникациялар қызметі” КММ директоры тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» КММ келісімімен және Ұлытау облысының Қоғамдық даму басқармасы басшысының бұйрығымен «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ директоры болып Мөлдір Сағадатқызы Мақсұт тағайындалды.

Мөлдір Сағадатқызы 1999 жылы дүниеге келген. 2021 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетін «Баспа ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар, Ұлыбританияның Ипсвич қаласындағы «Let’s Ipswich» мектебінде білім алған.
Еңбек жолын 2017 жылы Астана қаласындағы «Mega Show Technic» ЖШС-де PR-маман ретінде бастады. 2023 жылдан бастап Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімінде бас маман болып қызмет етті. 2024 жылы Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімінің БАҚ және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс секторы меңгерушісінің м.а. қызметін атқарды, сондай-ақ Жезқазған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы болды.