Агроөнеркәсіптің өрісі кең
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселесіне ерекше тоқталды. Ол еліміздің аграрлық әлеуетін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды ұлғайту қажеттілігін атап өтті. Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптің стратегиялық маңызын ескере отырып, саланың заманауи технологиялар мен инновациялар негізінде дамуы тиіс екендігін айтты.
Президент өз Жолдауында ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыру, су ресурстарын тиімді пайдалану және аграрлық секторды цифрландыру бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігін айтты. Сонымен қатар, жерді тиімді пайдалану мәселесіне де ерекше мән беріліп, ауыл шаруашылық жерлерінің қорғалуын және олардың тиімді айналымға түсуін қамтамасыз ету шаралары ұсынылды.
Еркеназ БЕГАЕВА,
мұғалім.