Министр Перизат Қайраттың тұтқындалуына қатысты пікір білдірді

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Біз біргеміз» қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайраттың ұсталуына қатысты пікір білдірді.

«Волонтерлер қозғалысының белсендісі әрі қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты шулы тергеу қайырымдылық көмегін көрсету механизмдерін жетілдірудің қажеттілігін тағы да еске салып отыр. Қазіргі кезде Қазақстанда волонтерлік пен қайырымдылық белсенді түрде дамып келеді. Алайда бұл алаяқтық пен пайдакүнемдік әрекеттерге де қолайлы жағдай туғызады.

Барлық қазақстандықтарды қайырымдылық көмек операторларын мұқият зерттеуге және тек тексерілген әрі сенімді серіктестермен ғана жұмыс істеуге шақырамын», – деді министр.