Шетелдік инвесторлармен кездесті

«Maritime House», чилилік «Molymet» компаниясы жəне қазақстандық «Жезқазғансирекмет» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Келіссөз барысында облыс əкімі сирек металдарды қайта өңдеу жəне пайдалану саласында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін мүмкіндіктер ұсынды. Сондай-ақ, өңір басшысы мемлекеттік қолдау бөлігінде көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті. Орайы келгенде айта кетейік, «Molymet» компаниясы молибден мен ренийді қайта өңдеуге маманданған, компания сирек металдарды өңдеу технологиясымен танымал.
Кездесуге қатысқан Чили жəне Канада тараптарынан «Molymet» компаниясының Бас директоры Эдгар Папе мен «Maritime House» компаниясының Бас директоры Пейр Джеймс ынтымақтастықтың əлеуетін қарастыруға жəне Қазақстандағы ықтимал инвестицияларды талқылауға дайын екенін білдірді.

Досан ДУЛЫҒАЛЫ.