Мәжіліс 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетті бекітті

Мәжіліс 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заңдарды қабылдады.

«Кіріс 2025 жылы – 15,6 трлн теңге, 2026 жылы – 16,7 трлн теңге, 2027 жылы – 18,2 трлн теңге болады деп болжанған. Шығындар сәйкесінше 25,8 трлн, 23,2 трлн және 24,6 трлн теңге болмақ. Бұл ретте Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттердің көлемі жылына 2 триллион теңгені құрайды», делінген хабарламада.

ҚР Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, бюджет шығыстарының негізгі бағыттары келесідей қалыптасты:
Бірінші бағыт – әлеуметтік саланы дамыту. 2025 жылы әлеуметтік саланың шығыстары осы жылға қарағанда 862 млрд теңгеге ұлғайып, 9,8 трлн теңге көлемінде жоспарланды.
Екінші бағыт – өңірлерді қолдау. 2025 жылы өңірлерге республикалық бюджет қаражаты есебінен 7,5 трлн теңге бөлінеді.