Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Айтулы мерекенің араға ондаған жылдарды салып, қайта оралуын халық жақсылықтың нышаны ретінде қабылдады.
25 қазан – қазақ халқы үшін тарихи күн. 1991 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болды. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын бұл күн қазақ халқының мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы. Бұл күн ата-бабаларымыз аңсаған арманының жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған күн.
Бүгінгі Қазақстан – тұрақтылықтың, дамудың және бірліктің жарқын үлгісі. Егемендік бізге саяси және экономикалық дербестікпен қатар, ұлттық бірегейлікті нығайтудың, мәдени жетістіктерімізді дәріптеудің мүмкіндігін берді. Еліміз әлеуметтік-экономикалық салаларда үлкен жетістіктерге жетіп, халықтың әл-ауқаты артып келеді. Облысымыз да екі жыл ішінде дамудың жаңа жолына түсіп, ауқымды жобаларды іске асырып келеді. Ауданымыз биылғы жылдың өзінде экономикалық, мәдени және әлеуметтік бағыттарда үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, инфрақұрылымды жаңарту және жаңа жұмыс орындарын құру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.
Ауданның 85 жылдық мерейтойын да бірліктің арқасында абыроймен атап өттік. Өлкеміздің дамуы мен өркендеу жолында әрқайсыңыздың өз үлестеріңіз бар.

Қадірлі жерлестер!

Республика күні құтты болсын!
Баршаңыздың отбастарыңызға амандық, елімізге тыныштық, береке мен бірлік тілейміз!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.