Референдум – болашақ үшін маңызды қадам
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2024 жылдың 2 қыркүйегіндегі Жолдауынан кейін елімізде атом электр станциясын салу басты мәселеге айналғандығы жасырын емес. Қоғамның барлық мүшесінің пікірін ескеруге бағытталған референдум сәтті өткізілді.
Орталық референдум комиссиясының мәлімдемесі бойынша референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құраған.
Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 7 миллион 820 мың 204 адамды немесе 63,66% құраған. Атом электр станциясының пайдасы әрі артықшылықтары жөнінде осы уақытқа дейін ғаламтор кеңістігінде де талай мәліметтер жарияланды. АЭС-ның салынуы-бұл еліміздің жарқын болашаққа жасалған сенімді,жан-жақты талқыланып-тексерілген нақты қадамы деп есептеймін. Референдум нәтижесі мемлекетіміздің экономикасының қарыштап дамуына оң әсерін тигізеді деген үкілі үмітіміздің ақталарына кәміл сенемін!
Серік ТАШЕНОВ,
Ұлытау ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы.