ЕКІ ЕЛ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ өңіріміздің өрістеуіне оң ықпал етеді
Аптаның басында аймағымызға Ресей Федерациясы Новгород облысының губернаторы Андрей Никитин бастаған делегация жұмыс сапарымен келді. Ресейлік меймандар облыс əкімі Берік Əбдіғалиұлымен кездесіп, арадағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық жəне əлеуметтік-мəдени салаларды дамыту мəселелерін талқылады.
Орайы келгенде айта кетейік, 2022 жылы Ұлытау облысының əкімдігі мен Новгород облысының Үкіметі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойған болатын. Ал, өткен жылдың қыркүйегінде Астанада өткен INNOPROM QAZAQSTAN форумында 2023-2025 жылдарға арналған арнайы Жол картасын жасасты. Облыс əкімі Берік Əбдіғалиұлы Жол картасын жүзеге асыру – өңірдің экономикалық көрсеткішін өндірістен өзге де салалар арқылы ұлғайтуға жол ашатынын жеткізді.
Жиын барысында Ұлытау облысының əкімі ресейлік кəсіпкерлердің инвестор болып, жаңа құрылған өңірдің дамуы үшін ықпал етуіне ұсыныс білдірді.
– Қос облыс арасындағы ынтымақтастықты білдіретін маңызды құжат аясында биыл мамыр айында біз экономикалық əл ауқаты жоғары облыстарыңызда болып, бірқатар нысанның жұмысымен танысқанбыз. Ал бүгінгі сіздердің сапарларыңызды əріптестіктің жалғасы деп білемін. Біздің облыста халықтың басым көпшілігі өндіріс пен өнеркəсіп орындарында қызмет етеді. Сəйкесінше, өңір экономикасының көрсеткіші «Қазақмыс», «Қармет», «Қазцинк» сынды ірі компаниялардың жұмысына тікелей байланысты. Сонымен қатар, мемлекетОрайы келгенде айта кетейік, 2022 жылы Ұлытау облысының əкімдігі мен Новгород облысының Үкіметі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойған болатын. Ал, өткен жылдың қыркүйегінде Астанада өткен INNOPROM QAZAQSTAN форумында 2023-2025 жылдарға арналған арнайы Жол картасын жасасты. Облыс əкімі Берік Əбдіғалиұлы Жол картасын жүзеге асыру – өңірдің экономикалық көрсеткішін өндірістен өзге де салалар арқылы ұлғайтуға жол ашатынын жеткізді. Жиын барысында Ұлытау облысының əкімі ресейлік кəсіпкерлердің инвестор болып, жаңа құрылған өңірдің дамуы үшін ықпал етуіне ұсыныс білдірді. – Қос облыс арасындағы ынтымақтастықты білдіретін маңызды құжат аясында биыл мамыр айында біз экономикалық əл ауқаты жоғары облыстарыңызда болып, бірқатар нысанның жұмысымен танысқанбыз. Ал бүгінгі сіздердің сапарларыңызды əріптестіктің жалғасы деп білемін. Біздің облыста халықтың басым көпшілігі өндіріс пен өнеркəсіп орындарында қызмет етеді. Сəйкесінше, өңір экономикасының көрсеткіші «Қазақмыс», «Қармет», «Қазцинк» сынды ірі компаниялардың жұмысына тікелей байланысты. Сонымен қатар, мемлекет оңтүстік пен солтүстікті байланыстыратын республикалық трассалардың құрылысына аса мəн беріп отыр. Нəтижесінде, тауар айналымы артып, туризм дамиды. Осы орайда, сіздердің жергілікті кəсіпкерлерді инвестор болуға шақырамыз, – деді Ұлытау облысының əкімі Берік Əбдіғалиұлы өз сөзінде.
– Облыстарды дамытуда Новгородтың да, Ұлытаудың да алға қойып отырған мақсаты ұқсас. Мəселен, өңірге білікті кадрларды тарту, мамандарға жағдай жасап, барынша ұстап қалу, оларды жұмыспен қамту – біздің өңірде де өзекті. Жол картасының жүзеге асырыла бастауы мені қатты қуантады. Осылайша біз, білім, мəдениет саласын дамыту, əлеуметтік бағыттағы мəселелерді шешуде тəжірибе алмасамыз, – деді Новгород облысының губернаторы Андрей Никитин.
Ұлытау облысына арнайы келген ресейлік делегация сапар барысында Жезқазған мыс балқыту зауытына, «Ютария» тігін фабрикасына, «Казтехфильтр» кəсіпорнына барып жұмыс қарқынымен танысты.
Жезқазған мыс балқыту зауыты – əлемдегі мыс өндіруші ондыққа кіретін үздік орын. Негізгі өнімі – тазартылған мыс. Шикізаттан мысты өрескел мыстан алу бойынша зауыт əлемдегі ең үздік бестікке кіреді.
Сапасы бойынша тазартылған мыс құрамында 99,99% мыс бар жəне əлемдік талаптарға сəйкес келеді.
Жезқазған мыс балқыту зауытына қарасты «Казкат» өндіріс орнында 8,16,18 мм. болатын кабельдік өткізгіш сымдарды шығарумен айналысады. Бұл – мысты сымдар өндіретін Қазақстандағы жалғыз кəсіпорын. 1994 жылдан бері жұмыс істейді. 100-ге жуық адам жылына 50 000 тонна өнім шығаруға қызмет етіп келеді.
«Ютария» тігін фабрикасында 300-ден астам қызметкер бар. Кəсіпорындарға, əскери, медициналық қызметкерлерге арналған арнайы киім, тоқыма жəне трикотаж бұйымдарын өндіреді.
«Казтехфильтр» ЖШС өнімдері – қозғалтқыштарға арналған ауа, май жəне отын сүзгілері. Оларды өндіру барысында жоғары сападағы сұрыптаушы материалдар пайдаланылады. Компания Scania, Iveco, Man, Liebherr, Hitachi, Komatsu, Daf, Mercedes, Caterpellar, Volvo сынды техникаларға өнім беріп отыр. Тұтынушылары «Қазақмыс» корпорациясы, «Восход – Oriel» ЖШС, «Костанайские Минералы» ЖШС, «Шұбаркөл көмір» ЖШС. Сапасы бойынша тазартылған мыс құрамында 99,99% мыс бар жəне əлемдік талаптарға сəйкес келеді. Жезқазған мыс балқыту зауытына қарасты «Казкат» өндіріс орнында 8,16,18 мм. болатын кабельдік өткізгіш сымдарды шығарумен айналысады. Бұл – мысты сымдар өндіретін Қазақстандағы жалғыз кəсіпорын. 1994 жылдан бері жұмыс істейді. 100-ге жуық адам жылына 50 000 тонна өнім шығаруға қызмет етіп келеді. «Ютария» тігін фабрикасында 300-ден астам қызметкер бар. Кəсіпорындарға, əскери, медициналық қызметкерлерге арналған арнайы киім, тоқыма жəне трикотаж бұйымдарын өндіреді. «Казтехфильтр» ЖШС өнімдері – қозғалтқыштарға арналған ауа, май жəне отын сүзгілері. Оларды өндіру барысында жоғары сападағы сұрыптаушы материалдар пайдаланылады. Компания Scania, Iveco, Man, Liebherr, Hitachi, Komatsu, Daf, Mercedes, Caterpellar, Volvo сынды техникаларға өнім беріп отыр. Тұтынушылары «Қазақмыс» корпорациясы, «Восход – Oriel» ЖШС, «Костанайские Минералы» ЖШС, «Шұбаркөл көмір» ЖШС.
Делегация өкілдері жұмыс сапарының соңында «Жошы хан» тарихи-мəдени кешенінде, Жошы хан кесенесінде болып, 800 жыл бұрын құрылған ұлы ұлыстың тарихымен танысты.
– Ұлытау облысымен біздің өңір арасындағы ынтымақтастық негізінен білім, мəдениет, спорт, экономика саласындағы бағыттарды дамытуды қамтиды. Десе де өндірісті мекен болғаннан кейін, кəсіпорындарды да қарауды жөн санадық. Шынын айтсақ, таң қалып тұрмыз. Себебі мұндай өндірісі тоқтаусыз жұмыс істеп тұрған жердің болашағы алда, –деді Новгород облысының губернаторы Андрей Никитин жергілікті БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.