АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Бүгін аудан әкімі Аманжол Батырбекұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген Жезді кентінің тұрғындары Шолпан Жұманова, Жанар Кушекова, Ақерке Сәдуақасова Астана қаласында Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өтетін халықаралық көрмеге қатысу үшін қолдау көрсетуді сұрады. Аудан басшысы қолөнер шеберлерінің ұсынысын қабылдап, қолдау көрсететінін атап өтті.
Тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы және әкімдікке келіп жазбаша өтініш беру арқылы тіркелуге болады.
Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.