Астаналықтарға шетелге шығар алдында вакцина алу ұсынылды
Астана қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова түрлі инфекциялардан қорғану мақсатында ересектер мен балаларға вакцина салдыруға, сондай-ақ шетелге сапар алдында да екпе алуға кеңес берді.
«Жаз мезгілі демалыс маусымы екені белгілі. Сондықтан шетелге барар алдында профилактикалық екпелермен алдын ала сақтануымыз керек. Себебі, вакциналардың қолдану ережелері әртүрлі, иммунитеттің қорғаныш қалқанын қалыптастыру үшін уақыт қажет. Есіңізде болсын, вакцинация балаларды да, ересектерді де инфекцияның ауыр зардаптарынан қорғаудың өте тиімді әрі қауіпсіз әдісі», — дейді бас санитар.