ЖОЛДАУ – ЕЛДІҢ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БАСТЫ ҚҰЖАТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы Мемлекетіміздің дамуына негізгі басты бағыт.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты мақаласында ел дамуының негізгі бағыттары айқындалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық бағыты қазақ қоғамының барлық салаларын кешенді реформалауға бағытталған.

Жалпы әр Жолдаудың мән-маңызы, мақсаты ерекше, айырмашылығы да айтарлықтай. Осы Жолдауда айтылған Президент тапсырмасын орындауға жұдырықтай жұмылып, күш-біріктіріп, талапқа сай жұмыс жасау керек. Бұл Жолдау еліміздің экономикалық мәселелерге бағытталуы да тегін емес. Ел экономикасы дамыса, халықтың да әл-ауқаты, тұрмыс-тіршілігі нығайып, болашаққа сенімдері арта түсері анық.
Өз Жолдауында президентіміз еліміздің жаңа экономикалық модельге көшетінін мәлімдеді. Қазіргі таңда Президенттік сайлауалды бағдарламасында көрсетілген мақсаттар мен жоспарлардың басым бөлігі орындалды. Мемлекеттің әлеуметтік саласында халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған шаралардан оң нәтижелер байқалуда. Экономикалық саладағы өзгерістер мен саяси реформалардың көрінісі халықтың қолдауын қажет етеді.
2020 жылдан бері дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді.
Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастады. Шын мәнінде, көп жұмыстар атқарылды, болашақта да өз жалғасын табады деген сенімім жоғары.
Бұл Жолдаудың басты ерекшелігі – берілген тапсырмалардың нақты мерзімге қойылуында. Олар бір жағынан қысқа, екінші жағынан орташа қысқа мерзімнің айқындалуымен айшықталған. Жыл сайынғы Жолдаулардың басты проблемасы – олар үнемі бірінің үстіне бірі қабаттасып отыратын, кейбір жаңа мақсаттар мен міндеттер басқа Жолдаулардың алдыңғы мақсаттары мен міндеттеріне үстемеленіп, ал алдыңғы тапсырмалар орындалу барысы туралы есеп берілмейтін. Бұл Жолдау ондай емес. Яғни, ұмытылған миссияға жол берілмейтіндігін көрсетті. Сонымен қатар бұл Жолдау биылғы жылда атқарылған ісшараларға бұқара халық алдында берілген есеп ретінде де ерекшеленді.

Ізтөлеу ТҮСІПОВ,
қоғам белсендісі.
(«Сарыарқа» Ұлытау облыстық газетінен).