ТИІСТІ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ
Ауыл тұрғындарын алаңдататын ең негізгі мәселе – су тасқыны салдарынан тұруға жарамсыз болып қалған үйлердің орнына берілетін жаңа баспана жағдайы. Осы орайда, Ұлытау ауданының әкімі Аманжол МЫРЗАБЕКОВ салынып жатқан үйлерді аралап, сапасына мән берді.
Тұрғын үй құрылысын мердігер ұйым – «ҚазМыс Құрылыс» ЖШС жүргізуде.
Қазіргі таңда үйдің қабырғасы көтеріліп, шатырлау, есік-терезе салу жұмыстары қарқынды.
Сәтбаев көшесінің бойына салынып жатқан әрқайсысы 80 ш.м. болатын үш үйдің құрылысы тамыз айында аяқталады.
Аудан басшысы мердігер ұйым мен осы салаға жауапты басшыларға құрылыстың талапқа сай жүргізілуін басты назарда ұстауды тапсырды.
Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.