ҚҰРМЕТТІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін бірегей кәсіп. Қоғамдағы болып жатқан сан түрлі оқиғалар мен адамдардың тағдыры сіздердің жұмыстарыңыздың өзегі. Халық сіздер арқылы өздері өмір сүріп жатқан орта жайлы мағлұмат алады. Сіздердің салмақты сөздеріңіз бен салиқалы пікірлеріңіздің арқасында халық билікке өз сөзін жеткізіп отыр. Баспасөзбен тығыз байланыстың нәтижесінде мемлекеттік органдардың қызметі туралы халыққа жедел және дәлелді ақпараттар жеткізіліп келеді. Сондықтан, әрдайым шынайылық пен ақиқатқа бағынатын журналистердің көтеретін жүгі де ауыр деп білеміз.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық, сондай-ақ, шығармашылық табыс тілейміз!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.