«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЖАЙЫН ҚАРАДЫ
Қабанбай батыр шағынауданында құрылысы қарқынды жүріп жатқан 300 орындық жайлы мектеп 5 блоктан тұрады. Қазіргі уақытта құрылысшылар оның төртеуін салып болды. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы білім ошағы болуы тиіс нысандағы жұмыстарды бақылады.
️
Қабырғасы көтеріліп, терезелері салынып болған 4 блоктың қазіргі уақытта іші қара сылақпен тегістеліп жатыр. Сәйкесінше, әрлеу жұмыстарының да уақыты алыс емес. 300 орындық жайлы мектеп құрылысында 130 азамат еңбек етуде. Одан бөлек, өңір басшысының аралауы барысында ғимараттың терезелерін орнату жұмыстары қатар жүргізіліп жатқандығы айтылды.
️Айта кетейік, нысан жаңа оқу жылында қолданысқа беріледі деп күтілуде. Осылайша ұзақ жылдан бері Қабанбай батыр шағынауданынан Жезқазған қаласының орталығына қатынап оқуға мәжбүр болып келген 200 баланың мәселесі шешілмек.