Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті
Сыбайлас жемқорлықпен күрес мəселелері кез-келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Сыбайлас жемқорлық əлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси жəне қоғамдық институттарына кері əсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мəселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі негізгі нормативтік құқықтық актілері болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы жəне адамгершілік міндеті деп білу керек. Елімізде осы мəселеге байланысты арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан түрлі жұмыстар да баршылық, дегенмен бұл мəселе əлі толық шешімін тапқан жоқ.
Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күрес жолында халықтың белсенді атсалысуы маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сəйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар бірауыздан жүргізулері тиіс. Сыбайлас жемқорлық дертін болдырмаудың тетігі – негізінен халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу үшін бірауыздан атсалысуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз жəне халық сенімінен шығатынымыз анық.
Алмат САКИПОВ,
Ұлытау ауданы əкімінің орынбасары.