Қадірлі жерлестер! Құрметті байытушылар!
Ұлытау облысының өркендеуі мен экономикалық әлеуметіне септігі тиіп келе жатқан кәсіпорындардың бірі – Жезқазған байыту фабрикасының 70 жылдық мерейтойымен баршаңызды құттықтаймын!
Өздеріңіз білетіндей, бұл фабрика Жезқазған қаласының құрылуына негіз болды. Сондай-ақ Жезқазған мысы Лондондық биржада әлемдік сапаға сай болып саналады. Осындай әлеуеті зор, ТМД елдерінің ішіндегі ең ірі кәсіпорынның біздің облыста орналасуы үлкен мақтаныш.
Жезқазған байыту фабрикасында қазіргі таңда облыстың 2000 адамы қызмет етіп келеді. Демек, сіздердің әрқайсыңыздың жаңа құрылған өңірімізді түлетуде еңбектеріңіз зор деп білемін. Кәсіпорын жылына 22 миллион тонна кен байытады, бұл – үлкен көрсеткіш.
Соңғы 3 жылда мысты концентратқа шығару 3 пайызға көтерілген, ол сіздердің маңдай термен келген жетістік.
30-ға жуық ұлт өкілі қызмет ететін татулығы жарасқан Жезқазған байыту фабрикасындағы қызметтеріңізге толағай табыс, жетістіктер тілеймін. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын!
Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ,
Ұлытау облысының әкімі.