Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздер ауданымыздың әлеуметтік — экономикалық жағдайын одан әрі жақсаруы мен мәдени — рухани кемелденуі мақсатында халықты өрелі өнермен сусындатып, игі дәстүрлерді жалғастыра отырып үлкен үлес қосып келесіздер.
Мәдениет — ең алдымен жәдігерлік. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші — зиялы қауым. Себебі әр халықтың дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрлері дәл осы мәдениет деген асыл ұғыммен астасып жатыр. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, ол елдің еңсесі де биік, рухы да жоғары болады. Сонымен қатар, мәдениет — адамзат тұлғасы деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Ауданымызда өткізілетін қоғамдық — саяси, мәдени- рухани көпшілік шаралардың барлығы мәдениет саласының қызметкерлерінің қатысуынсыз өтпейтіндігі белгілі.
Қашанда ауданымыздың абыройын асқақтатып, алға қойған мақсаттарыңыз орындалып, биік белестерде талмай қызмет ете берулеріңізге тілектеспіз!
КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының əкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
Ұлытау аудандық мəслихатының төрағасы.