ОБЛЫСҚА ЖАҢА ТАСЫМАЛ ҚҰРАЛДАРЫ КЕЛДІ
Ұлытау облысының әкімдігі мен «Ecobus QK» ЖШС арасындағы келісім аясында өңірге жоғары сапалы 29 орындық 7 заманауи автобус келді.
20 мамырдан бастап, қоғамдық көліктің алтауы 101-бағыт бойынша Жезқазған-Сәтбаев қалаларының арасында тасымалдау қызметін атқармақ. Ал біреуі резервте тұрады.
Айта кетейік, автобустар мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға арналған пандустармен, іші кондиционер, алғашқы көмек жинағы, электронды төлеуге мүмкіндік беретін QR код, бейнебақылау камераларымен қамтылған. Тасымалдау құралының жүру интервалы — 15 минут.